Текст
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі - дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады. Сондықтан да біз балалармен жұмыс жасағанда, әр баламен жекелей, жұппен және топқа бөліп сабақты қызықты, бала денсаулығын шынықтыруға мән береміз. Бүгін "Қарлығаш" тобымен "Кім күшті?" тақырыбында оқу қызметі өтті.
Мақсаты: балаларды спортқа деген қызығушылығын арттыру, жылдамдыққа, ептілікке, тәрбиелеу. Балалармен. «Мергендер»,"Секіртпемен секір","Кедергіден өту","Өз үйіңді тап?", "Арқан тарту" ойындары ойнатылды. Барлық бала белсенді қатысты.
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Нагашыбаев Н.Е