Текст
Сурет салу-ойын сияқты сүйікті іс - әрекет, әлемді танудың маңызды жолы. Барысында бала әртүрлі сезімдерді бастан кешіреді: ол жасалған әдемі бейнеге қуанады, егер жұмысы дұрыс болмаса қиындықтарды жеңуге тырысады.Заттар мен құбылыстар туралы және оларды бейнелей алатын білім алады. «Зерек бала» мектепалды даярлық тобында, балалар допты үлкен қиялмен салды. Әрқайсысы сурет салудан шеберліктерін көрсетті, біреу күлімсіреген доп салса, кейбіреулері бірнеше допты бейнеледі. Соңында балалар боялған доптардың көрмесін ұйымдастырып, онда әрқайсысы өз жұмыстарынан жақсы әсер алды.
Тәрбиеші: Бейсембаева Л. В.