Текст
14 қарашада Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесі өтті. Үйлестіру кеңесінің тәжірибелік бөлімінде № 5 "Алтын бесік" балабақшасында балабақша меңгерушілері үшін логопед , дефектолог, педагог-психолог оқу қызметтері көрсетілді. "Күз" тақырыбы бойынша логопедтік топшада логопед Г. Ж. Смағұлова оқу қызметін көрсетті; "Мен және менің денем" тақырыбы бойынша жеке дефектологиялық оқу қызметін логопед-дефектолог М. Э. Дюбкина көрсетіп, педагогтарға арналған шеберлік сыныбын «Агрессиялық күйзелеске қарсы Ойын-жаттығулары» тақырыбы бойынша педагог-психолог С. В. Раисова көрсетті.