«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақ тілі пәнінің мұғалімі»

27.09.2022

   Сазанова Балым Серік қызы  Қостанай облысы, Амангелді ауданы Үрпек елді мекенінде 06.05.1983 жылы дүниеге келген.Үлкен отбасында  атасы мен әжесінің қамқорлығы мен тәрбие, өнегесін тоқып, өскен. Білім жолын 2003-2008  жылдарыы Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтының филология факультетінде  «Қазақ тілі және әдебиет» бойынша тәмамдаған. Балым Серік қызының еңбек жолы 2003-2010 жылдары «Родничек» балабақшасында басталып, қазіргі таңда «Алтын бесік» бөбекжайында қазақ тілі  пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді.Отбасында ұлы Арсен мен қызы Айаруды  тәрбиелеп, өсіріп келе жатқан  аяулы да асыл-АНА. Сазанова Балым Серік қызы  2021 жылдың қараша айында педагог-модератор санатына ие болды.Өзінің еңбек жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, білім саласында мемлекеттік тілді меңгертуге, жүйелі түрде 3 жастан бастап қазақ тілін заманауи инновацияларды қолдана отырып дамытып келуде. Шығармашыл тәрбиеленушілері көптеген жетістіктерге қол жеткізуде.Сондай ақ қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысып,шәкірттерге саналы тәрбие мен сапалы білім беруде аянбай еңбек етіп келе жатқан - ұлағатты ұстаз.Педагог еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, бөбекжайда және аудандық,облыстық,республикалық,халықаралық сайыстарға қатысып бөбекжайдың абыройын көтеріп келе жатқан ізденімпаз ұстаз.Ұжым ортасында беделді, сыйлы, жауапкершілігі мол ұстаз. Балым Серікқызының бойында ұстамдылық пен  салмақтылық, байсалдылық пен  кішіпейілділік атты жақсы қасиеттер сіңген.Бүгінгі таңда мемлекеттік тілде оқытудың маңызы өте зор.Көп ұлтты мемлекетіміздің  әр мәдениетті азаматы үшін өз Отанын,өскен өлкесін,оның тарихын,мәдениетін,тілін білу парыз.

 

Просмотров: 172


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст