Экскурсия – балабақшада оқытуды ұйымдастырудың маңызды түрі. Экскурсия балаларды табиғатпен, мәдени объектілермен, ересектердің қызметімен таныстыруға мүмкіндік беретін оқу қызметінің ерекше түрі болып табылады.
Экскурсияның негізгі мәні балалардың қоршаған өмір туралы нақты түсініктері мен әсерлерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Экскурсия кезінде мектепке дейінгі балалар әлемді оның әр алуандығында, дамуында танып, құбылыстардың өзара байланысын бақылап отырады.
Экскурсия-бұл қарапайым уақыт өткізу емес, бұл бос және тікелей ұйымдастырылған білім беру кезіндегі зияткерлік қызмет, физикалық және рухани күштердің белгілі бір шығындарын талап етеді. Бүгін "Болашақ" тобының балалары "Туған қаламыздың көрікті жерлері" атты экскурсияға барды.
Экскурсияның мақсаты: балаларды қаланың көрікті жерлерімен таныстыру.
Қаланың көрікті жерлерінің бірі – ескерткіштер. Балалар біздің қалада орналасқан ескерткіштерге барды. Экскурсия барысында балалар Ілияс Есенберлин ескерткішімен танысты.
Тәрбиеші балаларға жазушы І. Есенберлин туралы мәлімет берді. Жеңіс саябағында балалар жеңімпаз - жауынгерлер мен жауынгер –интернационалистерге ескерткіштермен танысты. Әңгіме барысында тәрбиеші осы ескерткіштердің кімге арналатынын айтты. Экскурсия тек қызықты ғана емес, сонымен қатар біздің қала бойынша танымдық саяхатқа айналды . Барлығы жағымды эмоциялар мен экскурсиядан жарқын әсер алды.