Текст
Әр адамның басты құндылығы - ол денсаулық, сондықтан бөбекжайда дені сау баланы тәрбиелеуге көп көңіл бөлінеді. Спорт дені сау, мықты болып өсуге көмектеседі. Дене шынықтырумен таза ауада айналысу өте пайдалы. Мектепалды даярлық «Болашақ» тобының балалары спорт алаңындағы спорттық жарыстарға қуана қатысады. Ойын-сауық бірнеше кезеңнен болды: алдымен жалаушалармен жүру және жүгірудің әртүрін қолдана отырып жаттығу өткізілді. Ілмектер мен доптарды пайдалана отырып, көңілді старттар өткізілді,қимыл-қозғалысты ойындар да ойналды. Балалар қуанышқа бөленіп, көптеген әсер алды.
Тәрбиеші: Кеслер О. Л.