Лауазымдық міндеттері.
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына және үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортаны құрады, балалар қызметіне (ойын, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек) басшылық етеді. Балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады.
Дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру жұмысын жоспарлайды.
Қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды. Мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды және әдетте дамып келе жатқан балаларды бірлесіп тәрбиелеу және оқыту жағдайында әлеуметтендіруді жүзеге асырады.
Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді.
Отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерттеу, жалпылау, тарату және енгізумен айналысады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады. Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғайды.
Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді.
Білу керек:
Біліктілікке қойылатын талаптар: