Текст
Дәстүрден тыс сурет салу балаларға көптеген жағымды эмоциялар сыйлап, таныс заттарды көркемдік материалдар ретінде пайдалану мүмкіндігін ашады. Мектепалды "Болашақ" тобында сурет салудың дәстүрлі емес әдісін қолдана отырып, мысықтың бейнесін бояды. Сурет салуға дайындық кезінде балалар үй жануарлары туралы жұмбақтарды шешіп, "Мысық сүйікті үй жануары" презентациясын тамашалады."Марғауларға арналған жаттығу" сергіту сәтін орындады. Жұмыстар қызықты және әдемі болып шықты, әр бала үй жануарларын суретте көрсетуге тырысты. Бейнелеу өнерін ұйымдастырудың стандартты емес тәсілдері балаларды таң қалдырып ғана қоймай,қуантып, қызықты іспен айналысуға деген ұмтылысын тудырады.
Тәрбиеші: Кеслер О. Л.