Бүгін «Қазақшаң қалай балақай» атты облыстық байқау өтті. Бақаудың мақсаты: Мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тілді оқытуда инновациялық жүйелер мен жаңашыл ой пікірлердің қалыптасуына ықпал ету, патриоттық тәрбиенің жарқын көрінісін насихаттау, бүлдіршіндердің мемлекеттіе тілді меңгеруге деген ықыласы мен қызығушылықтарын арттыру. Байқауды ұйымдастырушылар: Ақмола облысының білім басқармасы ; өнерпаз, дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі обылыстық оқу-әдістемелік орталығы; Ақмола обылысы «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігі.
«Қазақстан менің мақтанышым» тақырыбына қазақ тілі пәнінен ашық оқу қызметі көрсетілді.
Оқу іс-әрекетінің барысында балалар Республикамыздың тарихын,салт-дәстүрлері,әдет-ғұрыптары ,ұлттық киімдері туралы мәлімет берді. «Тақия тастамақ» ұлттық ойыны барысында балалар өздерінің білетін мақал-мәтелдерін айтты. Оқу іс–әрекетінің қонағы Марс планетасының тұрғыны келіп, балалардан Қазақстан туралы мәлімет алды.Сонымен қатар балалар жайлауға барып әжемен көрісіп,әжеге өз білімдерін көрсетіп,әжеден көптеген мәліметтер алды.Оқу іс әрекетінің соңында балалар табақты қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендіріп,оны алыс планетадан келген қонаққа сыйлады.