Логопедтік «Еркемай» тобы балаларымен топтық жұмыс жүргізу барысында балалардың қиял көрнекі бейнелік ойлауды, сөздік логикалық ойлауды , шығармашылық және ойын тұрғысынан дамыту мақсатында түзету дамыту ойын- жаттығулары өткізілді.
Құм терапиясын қолданудың әдіс тәсілдері:
Әңгімелесу
Құммен сурет салу
Танымдық ойындар
Коммникативтік ойындар
Жаттығу барысында балалар қол саусақтарының моторикасын дамытып, ойлау, елестету арқылы кенетикалық құммен ойнап, әр түрлі пішіндер салды.
Нәтижесінде құммен ойын балалардың эмоционалдық хал жағдайларына жақсы әсер етеді. Бала өзіндік дамиды, құмнан суреттер салып, әр түрлі пішіндер ойлап тауып өз қияалдарын дамытады. Сонымен қатар логикалық ойлауды, шығармашылық және бала өзінің ішкі қобалжуларын, сезімдерін сыртқа ойын барысында пішіндерді таңдау барысында толығымен өз назарын салып, өзінің терең эмоционалдық қобалжуларын шығарады.
Құм балалардың өз ара түсініспеушіліктерін табуға көмектеседі, құм агрессиялық қуатты шешеді, сондықтан құмдарда ойнап отырған барлық балалар бірге ойын жорспарлап, оны жүзеге асырады. Балалардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауға мумкіндіктері пайда болады. Тілінің кемістігі бар балалардың сөйлеуге деген ынтасы артады.
Педагог: Раисова А.Ш.