Текст
Алтын күз кезінде біз барлық күш-жігерімізді және білімін халыққа арнаған адамдарды құрметтейміз. 1 қазан күні Қазақстанда Қарттар күні тойланады, бұл күннің екінші атауы – Қайырымдылық және Құрмет күні. Бүгін осы мерекеге орай балабақшаның қызметкерлері мен тәрбиеленушілері мерекелік іс-шара дайындады. Мерекеде қызметкелер мен балалар өнерлерін ортаға салды. Қонақтарға балалар өз қолдарымен жасаған сыйлықтар сыйлады .