«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үстел үсті ойындар»

07.07.2022

Мектеп  жасына дейінгі баланы  дамытып өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекет – үстел үсті ойындары. Үстел-үсті  ойын арқылы бала қоршаған ортамен, еңбегімен қарым-қатынасымен танысады, ойлау қабілеттері дамытылады.  Ойын үстінде балалар  ойлана жауап беруге, қиялдауға, елестеуге қабілеттері қалыптасады. Сөздік ойындарды балалардың есте сақтау қабілетін дамытады.

   Үстел үсті ойындарды ұйымдастыруда домино, дойбы, лото, мозайка, суреттер қолданылады. Мысалы:  «Суретті құрастыр» , «Ойлан, тап»,                     т.б. Балабақшада мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда үстел ойын маңызды құрал болып табылады. Ойын арқылы білімді меңгертіп оны бекіту үшін дағды мен әдет қалыптастырылады. Келесі үстел-үсті ойындарды ұсынамын.

«Суреттер құрастыру»

Мақсаты: Балаларға ұсақ суреттерден бір мазмұнды сурет құрастыруды үйрету, әңгіме құрастыра білу, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту, әр түрлі мазмұнды суреттер құрастыруға деген балалардың қызығушылығын арттыру.

Ойынның барысы: Балалар үстел үстіндегі әр түрлі суреттердің қиықтарынан (текшелерінен) бір мазмұнды сурет құрасытырады. Сурет не жайында екенін әңгімелеп айтады.

 «Жұбын тап»

Мақсаты: Балалардың ақыл-ойын, тілін дамыту, зейінді болуға тәрбиелеу.

Ойынның барысы: Ойынға 3-4 бала қатысуға болады. Балалар суреті бар текшелерді (доминоны) бөліп алады да, ойын бастайды. Аталған бала бірінші болып текшені қояды, қалған балалар қойылған суретке байланысты өздерінде бар текшелерді ретімен қояды.Кімнің қолындағы текше бұрын бітсе, сол жеңеді

Тәрбиеші: Каримова И.З.

 

Просмотров: 459


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст