«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2 жастағы балалардың бейімделу кезеңі.

04.07.2022

Баланың әлеуметтенуі қашан қайда басталады? Әрине бірінші отбасында және балабақшаға келгенде. Балабақшада таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады, мінез құлық ережелері мен нормаларын меңгереді.

Балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Себебі  бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойынға араласып қатысқысы келмейді.  Сондықтан балалардың бейімделуі қалыпты өту үшін және қолайлы көңіл – күй сыйлау үшін әр балаға жеке көңіл бөліп, ойынға қатыстырып отыру керек. Кіші«Сәби» тобында балалардың бейімделуі қалыпты өтілуде. Балалармен күнделікті ойындар ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар балалар таза ауада серуендеуді ұнатады. Балалардың тез жаңа ортаға  беймделуі және бір – бірлерімен жақын араласуы үлкен еңбекті талап етеді.  Бөбекжайда орналасқан сенсорика бөлмесіне балаларды апарып  әр түрлі ойын – жаттығулар жасап, қолдың саусақ маторикасын дамытатын ойындарды балалар қызыға ойнады. Үстел үсті  жаттығуларын жасау арқылы балалардың көңіл – күйлері көтерілді. Сонымен қатар  құрғақ бассейн балаларға ұнап, ерекше әсер алды. 

Тәрбиеші: Раисова А.Ш.

Просмотров: 215


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст