№ 5 "Алтын бесік" балабақшасында балалардың жарақаттануының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізілді. Балалар әңгіме, ойын түрінде жарақаттан аулақ болу үшін қажетті білім алып, ережелерді естеріне түсіріп, білімдерін тиянақтады.
"Бақытты жол" , "Зажигалочка", "Сіріңке – бұл ойыншық емес", "Өткір заттар", "Қауіпті кәмпиттер" сияқты жаттығулар түрінде балалар дұрыс жүріс-тұрыс ережелерін үйренді: баспалдақпен қалай дұрыс түсу, жарақаттан аулақ болу үшін қандай заттарды қолдануға болмайды, үлкендерсіз дәрі-дәрмекті алуға болады ма, жүріс бөлігінде ойнауға болады ма. Ертегі кейіпкерлерімен балалар не істеуге болмайтынын, қауіпті жерде, қауіпті заттармен ойнауға болмайтынын түсінді. Тәрбиешілер балаларға терезеге мінуге, рұқсатсыз ашуға болмайтынын түсіндіріп айтты.
Балалар қауіпсіз болу үшін өздерін қалай ұстау керектігі туралы өз бетінше қорытынды жасады.
Іс-шара балаларға танымды және пайдалы өтті. Балалар тек қана оларды қайталап қана қоймай, сонымен қатар жаңа білім алды.