Текст
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы №271 қаулысымен бекітілген «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 40-тармағын орындау мақсатында ҚХА «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін қолдану арқылы жалпықазақстандық «2019- Жастар жылы» тақырыбына ашық диктант балабақшамызда өткізілді. Диктантқа балабақшамыздың 46 педагогтары қатысты. Диктанттың қорытындысы бойынша «5» өте жақсы – 25, «4» жақсы – 21.