Текст
«Еркемай» логопедтік тобында жазғы жоспарға сәйкес апталық «Менің құқығым бар» өтпелік тақырып бойынша «Қазақстаным менің мақтанышым» тақырыбында балабақша қабырғасында орналасқан «Сүйікті туған өлкем» атты шағын мұражайымызға саяхатқа бардық. Саяхат барысында балалардың өз еліне, жеріне, туған өлкесіне деген жалынды, жылы, ыстық сезімдерін ояту. Балалардың отанына деген патриоттық сезімдерін тәрбиелеу. Еліміздің өңірінде көп ұлттар мекендейтіні жайлы талқыланды. Сонымен қатар балалар қазақстанымыздың кең байтақ екендігін түсініп, табиғатымыздың әдемілігіне, сұлулығына көздері жетті. Қазақстан -Отанымыз деген бір шаңырақ астында тату тәтті өмір сүріп жатқандарына қуанды. Саяхаттан балалар жақсы әсер алды.