Балалардың танымдық іс-әрекеті процессінде көрнекі және логикалық ойлау, зейін, есте сақтау, шығармашылық қабылдау қабілеттері дамиды.
Бүгін мектепалды даярлық «Зерек бала» тобының балалары әртүрлі қызықты заттар әлемімен танысты.«Мейірімді жүрек» коммуникативті ойынында бір-біріне жақсы тілектер тіледі.Жұмбақты шешу арқылы «Фиксики» мультфильміндегі сүйікті кейіпкер Ноликке көмектесетіндері жайлы білді. «Заттарды топтар бойынша жинаңыз» ойыны жаттығуы арқылы заттарды топтастырды. «Не неден жасалады» дидактикалық ойынында «Керемет дорба» көмегімен заттар қандай материалдан жасалғанын анықтап, оларды топтарға бөлді. «Сиқырлы қорап» ойынында тақырыптың мақсаты арасында себеп – салдар байланысын орнатуды үйрендік. «Помогатор» қозғалмалы ойынын, «Ракета» саусақ ойынын көңілді ойнадық. Ноликке арналған сыйлықты шығармашылықпен орындады.Ойындарды қызықпен ойнап белсенділік танытты, білімдерін бекітіп,көтеріңкі көңіл күйге ие болды.
Тәрбиеші: Яльницкая Г.В.