Текст
Ойын мектепке дейінгі кезеңдегі іс-әрекеттің негізгі түрі. Балалардың ойын іс-әрекетінің бір түрі сюжеттік рөлдік ойындар. Сюжеттік рөлдік ойындардың көзі – балаларды қоршаған әлемдегі заттар, адамадар, табиғат, өздері мен үлкендердің өмірі мен әрекеттері. Ол мектеп жасына дейінгі бала үшін ең қызық ойын, ойында бала іштей еркіндіктің сезімін, өзіне бағынышты заттарды, амалдарды, қатынастарды басынан өткізеді. Сюжеттік рөлдік ойындардың құрылымы:сюжет, мазмұн, рөлдер, ойын амалдары.
II кіші «Ақ бота» тобында «Аспазшы» сюжетті-рөлдік ойыны ойнатылды.
Балалар өздіктерінен рөлдерді бөліп алып, әр түрлі тағам түрлерін жасап, осы мамандыққа деген қызығушылықтарын арттырды. Асты қадірлей және ұқыпты жасай білуге игерді.