Текст
2022 жылдың 8 сәуірінде Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті заманауи дәстүрлі емес сурет салу техникасы арқылы тәрбие-білім беру үрдісінде көркемдік-эстетикалық бағытты дамыту ,педагогтардың үздік тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында «Заманауи дәстүрлі емес сурет салу техникасы» атты педагогтардың жұмыс тәжірибесінен анықтау мақсатында облыстық сырттай шебер-сынып конкурсын өткізді. Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша «Алтын бесік» бөбекжайдың бейнелеу өнері студиясының оқытушысы Незальзова Евгения Ивановна 1 орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!!!!