Ересек «Ақ бұлақ» тобында балабақшамен қоштасуға арналған «Қош бол, балабақша!» ертеңгілік өтті. Безендірілген залға балаларды әсем әуенмен, жылы лебіздермен ата-аналар, қонақтар қошеметпен қарсы алды. Тәрбиеленушілер балабақша туралы және мектепке дайын екендерін білдіртіп, үш тілде өлең жолдарын оқыды. Балаларға Арал әлемінен өз кемесімен Джек Воробей келіп, балаларға мотрос болуға ұсынады. Тәрбиешілер Джек Ворбейге балалардың мектепке баратындығын айтады. Джек Воробей өзінің тапсырмалары бар екенін айтып, тәрбиеленушілерді тексеріп көрді. Тәрбиеленушілердің білімді екеніне таң қалып, ақ жол тіледі. Тәрбиеленушілер өз өнерлерін ортаға салып, ән шырқап, би биледі. Ата – аналар балаларды мектепке дайындауға дайын екенін, өздерін тексеріп «Мектепке жиналамыз» ойынын ойнады. Ертеңгіліктің соңында тәрбиеленушілерге балабақшаны аяқтағаны үшін Дипломдар табыс етілді. Тәрбиеленушілердің ата-аналарына мың алғыс білдіріліп, алғыс хаттармен, мадақтамалармен мараппатталды. Ертеңгіліктің соңында тәрбиеленушілер ата-аналарымен бірге далаға шығып, келешек армандарын айтып, әуеге шар ұшырды.