«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қош бол, сүйікті балабақшам!»

30.05.2019

  Ересек «Болашақ», «Еркемай»  топтарында  балабақшамен қоштасуға арналған «Қош бол, сүйікті балабақшам!» ертеңгілік өтті. Безендірілген залға балалар қуанышты көңіл күймен кіріп «Бақыт» биін орындады.Ата-аналар балаларды жылы жүзбен, қошеметпен қарсы алды.Тәрбиеленушілер балабақша туралы және мектепке дайын екендерін білдіртіп  өлең жолдарын оқыды.Балаларға ертегі әлемінен Білгішбек келіп,білім алуға өз әлеміне шақырады.Сол кезде Жалқаубек келіп кері жолға тартады,бірақ балалар Жалқаубекті  көндіріп ,өздерімен бірге білім әлеміне алып кететін болады. Білгішбек ойындар ойнап  балалардың  мектепке дайын екенініне көзі жетеді.Тәрбиеленушілер өз өнерлерін ортаға салып ,әндер шырқап, би биледі Ата – аналар  балаларды мектепке  дайындауға  дайын  екенін, өздерін тексеріп  «Кім сөмкені тез жинайды?» ойынын ойнады.Ертеңгіліктің соңында  балабақша меңгерушісі Касымова Г.А. тәрбиеленушілерге балабақшаны аяқтағаны үшін Дипломдар табыс етті. Ата – аналарға ақ тілегі мен  жылы лебізін білдіріп, алғыс хаттармен, мадақтамалармен мараппаттады.

Просмотров: 389


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст