Кеше ғана № 5 "Алтын бесік" балабақшасы жұмыс істей бастады. Арада жылдар өтіп мектепке дейінгі мекемеге 5 жыл толып отыр.
23 сәуір күні балабақша ұжымы өзінің 5 жылдық мерейтойын атап өтті.
5 жыл ғана өтсе де ұжымның көптеген жетістіктері бар, олар аудандық, облыстық , республикалық және Халықаралық сайыстардағы жүлделі орындар .
Мерейтойда Атбасар қаласының Әкімі Асқаров М.С., Ақмолы облысының инклюзивті білім беру жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы Ибраев М. У., Атбасар ауданының білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г., Мәслихат депутаты Аксеитова А. К., Атбасар филиалы «ҚБ Астана қаласы және Ақмола облысы мен Қазақстандық салалық білім және ғылым» төрағасы Едрисова Р. Б., Атбасар ауданының білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары, балабақшаның меңгерушілері, педагогикалық еңбек ардагерлері, балабақша топтарының ата-аналар комитеттерінің төрағалары және ата-аналар қатысты.
Мерекеде балабақшаның қызметкерлері, тәрбиеленушілері барын салып өз өнерлерін ортаға салды. Балабақшаның түлектері келіп мерей тоймен құттықтап ортаға өз өнерлерін паш етті.
Балабақша қызметкерлері мадақтамалармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Мерекенің жүргізушілері Дюсембеков К., Рахимжанова Б. және ересек топтарының балалары Альжанова Ж., Гердт Д. болды.