Текст
Бұл еліміздегі ең жарқын және мерейлі мейрамдардың бірі.
Бұл күні Қазақстан Республикасында тұратын халықтарды бірлікке, ынтымаққа ұйытатын мерекелік шаралар өтеді. Балаларға достық туралы түсінік жетілдіру және басқа ұлттармен қарым-қатынасты нығайту, сыйластыққа, ынтмақтастыққа тәрбиелеу мақсатында «Еркемай» логопедтік тобында «Достығымыз жарасқан» тақырыбында тақырыптық оқу қызметі өткізілді. Балалар Қазақстанда тұратын халықтар туралы мәлімет алып, ұлттық ойындар ойнап, ән шырқап, өлең шұмақтарын оқып, би билеп көңілдерін көтерді.