Еңбек тәрбиесі-баланың жеке басын жан-жақты дамытудың маңызды құралы болып табылады.Баланы еңбекқорлыққа балалық шағынан бастап тәрбиелеу керек. Мектепалды даярлық «Зерек бала» тобының балалары еңбек қызметіне белсенді қатысады.Топта кезекшілік болғанда таңғы асқа, түскі асқа және кешкі асқа үстел жасауға көмектеседі.Өсімдіктерге сүйіспеншілікпен қарап, топта дымқыл тазалауды жүргізеді.Гүл көшеттерін отырғызып,оларға үлкен қызығушылықпен күтім жасайды. Жақында күн жылынып балалар тәрбиешілермен бірге өз ауласында гүл көшеттерін отырғызады. Жаз бойы әдемі гүлдер балаларға және қоршаған ортаға қуаныш сыйлайды.Балалардың қуанышпен жұмыс істеуі үшін эмоционалды-позитивті атмосфера құру қажет.Балаларға еңбек процесінің қуаныш сыйлайтыны өте маңызды.
Тәрбиеші: Юркина Л. В.