Ертегіні тыңдау, ойластыру және талқылау барысында балада тиімді өмір сүру қажетті фантазия мен шығармашылық дамиды. Ол ізденістің және шешім қабылдаудың негізгі механизмдерін меңгереді.
Фантазия мен шығармашылық ойлаудың дамуымен барлығы түсінікті болса, онда ертегі балаға ізденіс пен шешім қабылдаудың механизмдерін меңгеруге көмек бере алады.
Ертегі әсіресе баланың өзі немесе баламен бірлесіп шығарған ертегі, оған екі керемет мүмкіндік береді.
Біріншіден ертегі бір жағдайда әртүрлі кейіпкерлердің көзімен қарауға көмек береді. Әсіресе ол үшін ертегені драматизациялау тәсілдерін балалармен әрі қарай талқылау арқылы қолдану тиімді. Осылайша ертегінің көмегі арқылы жағдайды тек өзінің көзқарасы тұрғысында емес, сонымен бірге ол туралы басқалардың не ойлайтынын түсінуге тырысуға болады.
Екіншіден ертегі оқиғалардың мүмкін болар дамуының алуан түрлі нұсқаларын болжауға және «ойнауға» мүмкіндік береді, сонымен бірге аса оңтайлы нұсқаны таңдауға көмек береді.
Педагог психолог: Раисова А.Ш.