Жыл сайын Халықаралық еңбек ұйымы 28 сәуір күні Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күнің өткізеді. Осыған байланысты ақпараттық -түсіндіру науқанының аясында 23 сәуірде балабақшамызда «Еңбекті қорғау» іс-шара өткізілді. Аталған іс-шара өндірістегі қауіпсіздік мәселелеріне назар аударуды күшейтуге, қызметкерлердің қазіргі заманғы өндірістік қауіп-қатерлер, олардан қорғану тәсілдері туралы хабардар болуын жақсартуға, олардың өз қауіпсіздігіне саналы көзқарасын арттыруға бағытталған.
Жиналғандардың алдында еңбекті қорғау комиссия мүшесі Фрошалова Т. А. сөз сөйлеп, балабақшамыздағы еңбекті қорғауды ұйымдастыру туралы айтты. Татьяна Александровна осы мәселе бойынша барлық жаңартулар ,ақпаратты үгіт-насихаттар ұйымдастырылып еңбекті қорғау бұрышында көрсетілгенін жеткізді.
Еңбекті қорғау комиссия мүшесі медбике Коба О. Н. «Балалар жарақаттануы» тақырыбымен баяндама оқып, практикалық бөлігінде балаға бірінші көмек көрсетумен таныстырып кетті.