Көктем мезгілі - жыл мезгілдерінің ішіндегі ерекше мезгіл.Бұл мезгілде тіршіліктің жаңару кезеңі басталады. Қыстың суығы кетіп, қар еріп,құстар жылы жақтан ұшып келеді,ағаштар бүршік жарып, жер бетінің көгеретін кезі.
Көктемнің белгісі болып есептелетін бәйшешек гүлі шығады. Сол сәттен бастап күн жылынып, шөптер мен түрлі гүлдер шыға бастайды.
Мектепалды даярлық «Зерек бала» тобында ойын түрінде қоршаған ортамен танысудан «Табиғатты ояту үшін не қажет?» тақырыбында оқу қызметі өтті.
Оқу қызметі басында «күнді» бір біріне беру арқылы жақсылықтар тіледі.
Балаларда табиғаттың көктемгі өзгерістері туралы идеялары нақтыланып, жүйеленді. «Өсу үшін не қажет?» дидактикалық ойыны өткізілді, онда балалар табиғатты ояту үшін не қажет екенін анықтады.
Балалардың «Табиғаттың оянуы» атты суреттері өте жарқында қызықты болып шықты.
Тәрбиеші: Юркина Л. В.