Бүгін педагог – психолог Раисова Аймарал Шылмырзақызы балабақшамызда «Шебер алаңы» атты педагогтарға арналған іскерлік ойын өткізді. Ойын бағдарламасы 4 турдан тұрды:
1 тур . Сурет салу арқылы тәрбиешілердің шеберліктерін шыңдау.
2 тур. Конверт таңдау арқылы логикалық есептер шешу.
3тур. Қонструктор арқылы әр топ өз ойларымен құрастыру және талдау.
4 тур. Табиғатқа байланысты ырым – тыйымдар.
Іскерлік ойын шаттық шеңберімен басталып, тәрбиешілер бір-біріне сәттілік тіледі.
Қатысушылар түстерді таңдау арқылы екі «Дөңгелектер», «Төртбұрыштар» тобына бөлініп сайысқа түсті. Қатысушылар шебер алаңында белсенділік танытып, сұрақтарға жауап беріп, ұйымшылдықпен қатысты. Ойынның ортасында «Сағат тілі» атты сергіту сәті жүргізіліп, қатысушылардың көңіл – күйі көтеріліп қалды.
Шығармашылық жұмыстарымыз жалындап жана берсін деген ниетпен тәрбиешілер бір – біріне жылы лебіз білдіріп ойынды қортындылады.