Баланың рухани жетілуі мен табиғи өсуінің, денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркендеуі ойынға тікелей тәуелді. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытуға, ойлауын, қабылдауын, есте сақтауын,зейінін, салыстыру,жіктеуге, өзін- өзі бақылауға үйретеді.Оқу қызметін қызықты, тартымды өткізу үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастырған жөн.Ойынға керекті құралдар әр балаға жеткілікті болу керек, сонда ғана балаларға түсінікті болады.
Кіші «Сәби» тобында «Шарға жіп байла» дидактикалық ойынын ойнадық. Мақсаты: Заттарды түсі бойынша топтастыру,түстерді ажырату және атау,шарлардың ұқсастығымен айырмашылықтарының белгілерін тауып,сөйлеу барысында көрсете отырып атауға үйрету. Балалар картоннан қиылған түрлі-түсті шарлар мен лента жолақтарын пайдалана отырып жолақтарды тиісті шарларға байлады.
Тәрбиеші; Нуртазина А.Т.