«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілін үйренеміз

28.03.2019

  Қоғамның қазіргі заманғы даму сатысында мемлекеттік тілді үйрену мәселесі мектепке білім берудегі өзекті мәселе болып келеді. Тілді ерте үйрету баланың жеке қасиеттерінің дамуына жағымды ықпал етеді, сонымен қатар кез келген мәдениет иесіне деген құрмет пен татулыққа тәрбиелеу мақсатында ұлттық тіл мен мәдениетке тартуға мүмкіндік береді. Балабақшада қазақ тіліне үйрету қарым-қатынас құралы ретінде толық игеру үрдісі мен негізінде пәнді оқыту арқылы балалар тәрбиесі мен дамуына бағытталған және баланың гуманитарлық, адамгершілікті тұлға болып қалыптасу мәселесін алға қояды. Оған тілін үйреніп отырған елдің мәдениетімен танысу ықпал етеді: әдептілікке, мейірімділікке тәрбиелеу; өзін белгілі бір жыныс және жастағы тұлға деп тану. Қазақ тілін үйрену баланың сезім әсерін қалыптастыру, байланыс-танымдық қабілеттерін дамытуда оның өз бетінше ойлау, есте сақтау қабілетін, сонымен қатар баланың ой-қиялын дамытуда белгілі бір үлес қосуға бейімделген.

  Біздің балабақшада қазақ тіліне үйрету үш жастан бастап қазақ тілі пәнінің мұғалімі мен тәрбиешінің тығыз қарым-қатынасымен жүргізіледі. Тілді үздік игеру мен оның баянды болуы үшін іс-әрекет түрлері бойынша жұмыстар жүргізілуде:

-       тәртіп кезеңдері (таңғы гимнастика, тазалық дағдысына, мінез-құлық мәдениетіне, қарым-қатынас мәдениетіне, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу және т.б.);

-       оқу-тәрбие үрдісі (сабақтар, ертеңгіліктер, ойындар, балалардың өзіндік іс-әрекеті);

-       ойын іс-әрекеті (дидактикалық ойындар, қозғалыс ойындары, сюжетті-рөлдік ойындар). Сабақтарды оқыту әдістемесі балалардың лингвистикалық қабілетінің құрылымының жасына қарай және жеке ерекшеліктерін ескере отырып құрылады және оны дамытуға бағытталған.

  Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ тілін дамыту қазақ тілі сабағында ғана емес, сонымен қатар ересектердің балалармен сөйлесу барысында да жүзеге асырылады. Күнделікті өмірде қазақ тілінде көркем әдебиеттер оқуға, тақпақтар жаттау және сахыналауда баса назар аударылады. Тіл білімін бекітудің тиімді жолы – балалардың қазақ тілінде өлең айтып, тақпақтар оқитын, түрлі көріністер мен қысқа ертегілер қойылымын көрсететін ертеңгіліктерге, байқауларға, викториналарға қатысуында, олар қазақ тілінде жұмбақтар шешіп, жаңылтпаштар айтады. Барлық іс-әрекеттер бір-бірімен өзара байланыста, мысалы: «Отбасы», «Көкөністер», «Жемістер», «Үй жануарлары», «Өсімдік әлемі» тақырыптарын үйрену барысында қазақ тілі сабақтарында «Үй», «Дүкен», «Аурухана» және т.б. ойын әрекеттері мен сюжетті-рөлдік ойындарда білім уақытында бекітіліп отырады. Алған тіл білімдері ойындарда, мерекелерде жүзеге асып жатады. Зеріктірмеу мақсатында қазақ тілінде бұрын үйренген санамақтар, тақпақтармен сергіту сәттерін жүргіземіз.

Просмотров: 1381


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст