Ұлыстың ұлы күні Наурыздың келуі жаңарудың белгісі. Ежелгі күнтізбеге сай қазақ халқы жаңа жылдың келуін 22 наурыз күні деп есептеген. Көктем келіп күнмен түннің теңелуіне байланысты жаңа күн деп санап, парсы күнтізбесі бойынша наурыз мейрамын тойлаған.
Шаңырақта үлкен дастархан жайылып, келер жылда молшылық, байлық болсын деп ниет етеді. Соған байланысты, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының басты белгісі ретінде «наурыз көже» пісіріледі. Біздің балабақшамыз да Наурыз мейрамын қарсы алып, бір-біріне қонаққа барды.
Ересек «Болашақ» тобында «Наурыз тойы!» тақырыбында ұлттық төл мерекесі аталып өтті.
Балаларға қазақ халқының ұлы төл мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік берілді. Халқымыздың салт – дәстүрін бойларына сіңіру арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, бауырмалдылыққа тәрбиелеу басты мақсаты болды..
Кішкетай бүлдіршіндер наурыз мейрамына арналған өлең жолдарын оқып, мың құбыла әсем билеп, ортаға тарту етті.
Халқымыздың әдетке сіңген салт – дәстүрлері «Байғазы», «Сүйінші», «Амандасу» , «Тұсау кесу» түрлерін ақ жаулықты әжемізбен тамсандыра көрсетіліп кетті.
Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталды.
«Арқан тартыс», «Ханталапай» ойындарын ұл – қыздарымыз намысты қолдан жібермей, батырлармен бірге күштерін салыстырып, қазақ халқымыздың ұлттық ойындарын ойнап, қызыққа батты.
Наурыз мейрамы тартымды, көңілді күйде аяқталды.
Ортаңғы топтың тәрбиешісі Оспанова А.Е.