Наурыз – бұл көктемнің мерекесі, табиғатқа деген сүйіспеншілік және достық сезімдерін оятады. Бұл күні адамдар бір-біріне қонаққа барып, жақсы тіліктер тілейді. Біздің балабақша да Наурыз мейрамын «көрші ауылды қонаққа шақыру» ойын-сауық түрінде қарсы алды.
Ортаңғы «Інжу» тобының балаларына қонаққа «Тәй-тәй» тобының тәрбиеленушілері келді. Ортаңғы «Жұлдыз» тобының балалары«Күн сәулелері» тобының балалары қонаққа күтті. «Зерек бала» тобының балалары «Ақ бұлақ» тобына қонаққа барып, өздері «Болашақ» тобының балаларын қонаққа шақырып, қонақжайлылықтарын көрсетті.
Әр топта ұлттық нақышта мерекелік рәсімдеу болды.
Әр топ қонақтарды музыкалық әуенмен қарсы алынып, қонақтарға Наурыз мейрамы туралы өлең жолдарын оқылып, көктем туралы ән айтып, би билеп, қонақтарымен бірге ұлттық ойындар ойнады. Наурыз - бұл көпұлттық мереке. Наурыз салт- дәстүрлермен байланысты мереке болғандықтан, балалар қазақ халқының салт-дәстүрлерін ортаға салып көрсетті.
Қазақ халқы қонақжай халық, келген қонақтарына өздерінің дайындаған тағамдарынын дәмін татқызды.