Ұлыстын ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында балабақшамыздың ІІ кіші топтарында тақырыптық оқу қызметі және логопедтік түзету топтарында ойын-сауық өткізілді.
Мақсаты:Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету. Балалардың бойында патриоттық сезімдерін ояту.
Балалар наурыз мерекесі туралы мәлімет алып, мереке жайлы өлең жолдарын оқып, ән шырқап, би билеп, ұлттық ойындар ойнап көңілдерін көтерді. Ойын-сауықтың қонақтары Алдар Көсе, асыл Әже келіп, балалардың өнерлерін тамашалап, халқымыздың ұлттық «Бесікке салу», «Бата беру», «Ат қою» салт-дәстүрлерін көрсетті.