Текст
Төрлет, Ұлыстың күні – әз-Наурыз! Өзіңді асыға күткен барша халық ниет-пейілін жақсылыққа бағыштай отырып, бақытты болашаққа нық қадам басуда. Нұрлы Наурыз келгенде Самарқанның көк тасы еріп, көктемнің жылы шуағымен туған жер төсінде әуелеп ұшқан құстар әуені Ұлыстың Ұлы күнін паш етіп, жер дүниеге бейбітшілік дарытып, құт-береке әкеледі.
Төрлет, жоғары шық, бейбітшілік пен достықтың бастауы болған әз-Наурыз!
Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар кіші «Тәй-тәй», «Ақ бота», «Сәби» ,ортаңғы «Гүлдер», «Қуаныш», «Айналайын» логопедтік «Еркемай» және мектепалды даярлық «Болашақ» топтарында мерекелі және жарқын басталды. Бұл мерекені балалар асыға күтеді.Мерекеде әндер шырқалып, өлеңдер айтылып, ұлттық билер мен ұлттық ойындар ойналды.