Текст
Жыл мезгілінің бірі – көктем. Көктем мезгілінде жан біткеннің бәрі құлпырып, ғажайып күйге еніп, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесін қарсы алады. Біздің балабақшамыз бұл мерекені қуана қарсы алып, ертеңгіліктерді ерекше өткізуге асығады.
Бүгін біздің балабақшамызда 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктер басталды. Мерекені «Гүлдер», «Куаныш», «Күн сәулелері», «Балапан» және «Ақ бұлақ» топтарының тәрбиеленушілері ертеңгіліктерімен қарсы алды.
Қыздар мен ұлдар өздерінің аналарын, әжелерін құттықтап, оларға мерекелік өлеңдерін жолдап, ән шырқап, би биледі. Ата-аналарда ертеңгілікке белсенді қатысты.
Ертеңгілік соңында балалар әжелеріне, аналарына өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарды сыйлады.