«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке дейінгі қиын балалармен жұмыс істеу тәсілі» тақырыбында дөңгелек үстел

18.02.2019

  Тәрбиешілерге арналған «Мектепке дейінгі қиын балалармен жұмыс істеу тәсілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

  Мақсаты: Тәрбиешілерге  бойында қиындығы бар балалар туралы түсінік беру. Бала тұлғасының ерекшеліктеріне тоқталып, әдіс – тәсілдерді  дұрыс қолдануда кеңестер ұсыну, психологиялық және физикалық дамуындағы ауытқушылықтарды  болдырмау жолдарын қарастыруды жалғастыру.

 Дөңгелек үстел   «Сені көргеніме қуаныштымын» жаттығуынан басталды. Тәрбиешілер бір – біріне жылы лебіз, бүгінгі күндеріне сәттілік тіледі.

 «Ой тастау» жаттығуын тәрбиешілер орындады.

 Тәрбиешілер бойында қиындығы бар балалармен жұмыс істеу  әдістері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, баланы суреттеу арқылы сипаттап берді.

 Шара соңында психолог қобалжуы басым, гипербелсенді, агрессивті, тұйық мінезді болатын балалардың қасиеттеріне мінездеме беріп, олардың туындау жолдарын және қандай бағытта жұмыс жүргізілуі керек екенін, қалай көмек көрсету жолдарын атап, түсіндіріп өтті.   

Психолог: Раисова А.Ш.

Просмотров: 637


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст