Ересек «Ақ бұлақ» тобында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда математика 3-Д конструктор қолданып оқу іс-әрекеті өткізілді. Сабақ барысында балалар ойын элементтерін ойлау арқылы түсініктерін шапшаң қалыптастырды. Конструктордың инновациялық негізгі әдісі математиканың бастауын саусақ шотынана, нүктелер бойынша шотқа және одан кейін сандық шотқа біртіндеп ауысуын зерттеуге арналған.
Математика 3-Д сандарды , қарапайым математикалық амалдарды мысалдарды құрауға, есептеу дағдыларын дамытып, ойлауға үйретеді. Конструктор бөлшектері модельдер құру арқылы көлденең және тік жазықтықтаға жүзеғе асырылуы мүмкін. Бөлшектерде 1-ден 10-дейін жолдағы 1-ден 10 дейнгі нүкте және математикалық таңбаларымен белгіленген. Мысалдар шоттың 1-ден 10 дейін саусақтармен, нүктелермен, сандармен карточка арқылы көрсетілген. Конструкторды балалармен жеке және топтық жұмыс жасауына пайдалануына болады.
Тәрбиеші :Оразбаева М.А.