Текст
Бірінші кіші "Сәби" тобында аппликацияға деген қызығушылықты дамыта отырып, аппликация бойынша «Омыртқа» ұлттық оюмен кілемді әшекейлейміз» тақырыбында оқу қызметі өткізілді.
Сабақтың мақсаты: бөлшектерден тұтас зат құрастыра білуді, оны түрлі-түсті қағаз көмегімен безендіруді бекіту. Ұсақ моториканы, қиялдарын, кеңістіктік бағдарды дамыту. Балалардың сюжеттің тақырыбына, аппликация жасауға қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Оқу қызметі барысында балаларға ұлттық кілем бейнеленген суреттер ұсынылып, дайын үлгіге қарап, рәсімдеу тәсілін қарастырды.
Оқу қызметі ойын түрінде өтті.
Тәрбиеші Масан Д.Ж.