Текст
Балабақшада «Мектепке дейінгі жастағы балаларды интеллектуалды дамытудың шарты ретінде ҰОҚ–нің ойындарының рөлі» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
«Ерте және мектепке дейінгі жастағы білім берудегі дамыту ойындары» тақырыбында А.А. Исмагамбетова, В.В. Митрофанова тәрбиешілер сөз сөйледі.
Интеллектуалды дамыту ойындарды қолдана отырып тәрбиешілер М.А. Оразбаева «Математика 3-D» ойынының элементтері, Д.А. Тенбаева, С.А. Дубовик «ҰОҚ-де Воскобовичтің ойындарының элементтерін пайдалану», Б.С. Караулбекова «Дьеньеш блоктарының қолданылуы», Н.Н. Тополева «Воскобовичтің кілемі», А.Т. Когобаева «ҰОҚ-де Кюйзенердің таяқшаларын қолдану» мастер-класс көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.