Текст
Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүл - аналар,
Ана деп бас иеді бүкіл күллі халық!
8 Наурыз- әйелдер мерекесі. Өйткені, ол балалардың сүйікті аналары мен әжелерінің мерекесі.Осы күннің құрметіне біздің бөбекжайымызда балалар суреттері мен қолөнерінің көрмесі жасалды. Тәрбиеленушілер өздерінің сүйікті аналары мен әжелеріне арнаған ізгі тілектерін суреттері мен қолөнерлері арқылы жеткізді. Көрмеде аналардың мерекелік портреттерін ғана емес, сонымен қатар көктемгі түрлі гүл шоқтарын да көруге болады.Көрме өте мерекелі және жарқын болды. Балалар керемет,ой- қиялдарын және шығармашылықтарын көрсетті.