Логопункте «Қыс» лексикалық буындарда, сөздерде, сөйлемдерде дыбыстарды саралау [с] – [З]» тақырыбында оқу қызметі өтті .Оқу қызмет мақсаты: Балалардың қыс туралы білімдерін нақтылау және жүйелеу. Қыс туралы білімді жалпылау арқылы балалардың қыс мезгілін сипаттау қабілетін жетілдіру. Міндеттері: «Қыс» тақырыбы бойынша балалардың білімдерін жалпылау, қыстың белгілерін нақтылау, жоспар-схема бойынша балалардың сипаттамалық әңгіме құру қабілетін шоғырландыру. Белсенді сөздікті (етістік лексиканы, жалпылама ұғымдарды), рифма сезімін, есте сақтауды, зейінді, балалардың ойлауын дамыту; балаларда интегративті қасиеттерді тәрбиелеу-эмоционалды, қызығушылық таныту, табиғат туралы алғашқы түсініктерге ие болу, қысқы табиғаттың сұлулығын көре білу.Оқу қызметінде: артикуляциялық жаттығу кешені («Сағат» « Күрекше», «Төменгі тістерді тазарту», «Әткеншек» және т.б.) қолданылды. «Қолды жылыту» тыныс алу жаттығуы. Саусақ жаттығуы «Қаршық». Дидактикалық ойындар: «Сөзді аяқта», «Сөз тап», Киім туралы әңгіме, «Басқаша айт» (доппен), ойын: «Не артық», жануарлар туралы әңгіме, «Кімнің құйрығы» ойыны, құстар туралы әңгіме, қыста адамдардың іс-әрекеттері туралы әңгіме. Тізбек схема-жоспар бойынша қыс туралы әңгіме құрастыру.Материал ойын түрінде және қол жетімді түрде ұсынылған.
Логопед: Тополева Н. Н.