Текст
Мектепке дейінгі балалық шақта балалардың болашақ оқу әрекетінің алғы шарттары қалыптасады. Зейіннің даму деңгейі көбінесе баланың мектептегі оқуының табыстылығын анықтайды. Мектепалды даярлық топтарының балаларымен зейінді дамытуға бағытталған жеке сабақтар осы психикалық процесті түзетуге ықпал етеді. «Үлгі құрастыру», «Құлақ-мұрын», «Түзету сынағы», «Минутта фигураны тап», «Қабырға, жұдырық, алақан» және т.б жаттығулар зейіннің шоғырлануын, көлемін, ауысуын, тұрақтылығын, зейіннің еріктілігін дамытады.Балалар ойнауға және ойын жаттығуларын орындауға өте қуанышты.
Педагог-психолог: Тяглая. И. А.