«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сұлу қыс»

24.01.2022

Мектепалды даярлық «Зерек бала» тобында  «Сұлу қыс» тақырыбында  дәстүрлі емес сурет салудан ,кіріктірілген  оқу қызметі өткізілді. Балалар Қысқа қонаққа барды. Жұмбақтарды қызығушылықпен шешіп, «Аққаланы қос», «Қаршық» ойындары өткізілді. Мнемотаблицаның көмегімен балалар «Қыс келді» әңгімесін құрастырды, содан кейін балалар қысқы баққа аттанды, дәстүрлі емес техникамен (шаммен сурет салу) қысқы пейзажды салды. Балалар өздерін нағыз сиқыршылар сияқты сезінді ,өйткені парақтағы сурет,парақты бояумен бояғаннан кейін пайда болды. Оқу қызметінде  денсаулық сақтау технологиялары сақталды, көзге арналған «Тентек қар ұшқыны» гимнастикасы өткізілді. Билингвалды компонент қолданылып, орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде жауап берді. Тәрбиеші қойған міндеттерге қол жеткізді .Балалар белсенді болып , білімдерін толықтырды.

Тәрбиеші: Юркина Л. В.

Просмотров: 123


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст