Бүгін кіші «Сәби» тобында « Қоян бізге қонаққа келді» тақырыбында музыка оқу қызметі өтті.
Мақсаты: балалардың музыкалық аспаптарында ойнау арқылы ырғақты сезінуге үйрету, «баяу және тез», «тыныш және қатты» ұғымдарын түсінуге үйрету, таныс әнді тыңдауға және тануға, ән айтуға үйрету, музыканың сипатына сәйкес қозғалу қабілетін дамыту, музыкаға деген қызығушылықты арттыру, қуанышты көңіл-күй қалыптастыру.Оқу қызметі ырғақ жаттығуынан басталды. Содан кейін балалар «Аякпен мен топ-топ» музыкалық-ырғақтық жаттығуларын орындады. Балаларға қонаққа қоян келіп, олардан өздері білетін әнді айтуын өтінді. Балалар қозғалыстармен «Ән салайық, қол соғайық» әнін шырқады . « Сылдырмақтар» атты музыкалық ойынын ойнауды ұсынды. Оқу қызметінде балалар қуана музыкалық-ырғақтық жаттығулар, ән шырқап ,қөңілді ойындар ойнады.Барлық балалар қызығушылықпен тапсырмаларды орындады.
Музыкалық жетекші: Масан Д. Ж.