Мектепалды даярлық «Зерек бала» тобында «Солтүстік полюске саяхат» тақырыбында оқу қызметі өтті.
Мақсаты: балалардың қозғалыс белсенділігін оңтайландыру, дене шынықтыруға қызығушылығын арттыру, танымдық білім мен дағдыларды қалыптастыру. Нұсқаушы ұсынған әдеттен тыс саяхат балаларды қызықтырды. Кіріспе бөлімде жүру мен жүгірудің түрлері қолданылды. Сиқырлы қар ұшқыны балаларға Солтүстік полюске баруға көмектесті. Саяхат барысында балалар Солтүстік полюстің әр түрлі тұрғындары полярлік үкі, бұғылармен танысты. Сондай ақ «Қар кесектерін лақтыру», «Тар мұз жолынан өту», «Қарлы шыңды бағындыру», «Көшпелі мұз» сынды түрлі кедергілерден өтті. Қорытынды бөлімде шеңбер бойына тұрып, «Солтүстік сәулесін» тамашалап, топқа жақсы көңіл-күймен оралды.
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Приходько Н.Л.