Мектепалды «Ақ бұлақ» тобы балаларымен «Менің көңіл – күйім» тақырыбында психологиялық оқу қызметі өтті.
Мақсаты: Балалардың көңіл-күйін көтеру, бір–біріне достық қарым- қатынас, көңіл бөлу және қамқорлық жасауға тәрбиелеу, тапсырмаларды бірге орындау. Балалар «Эмоция әлеміне» саяхатқа шығу арқылы әр түрлі көңіл – күйді білдіретін смайликтерді қолдана отырып, өздерінің мінез – құлықтары туралы қысқаша өз ойларын білдірді. Слайд арқылы көрсетілген «Көңілсіз бауырсақ» ертегісін тыңдап, «Бауырсақ неге жылап тұр?» «Ашулы», «Көңілді», «Қорқып тұр» «Балалар сендер неден қорқасыңдар?» сұрақтарына жауап берді. Әрі қарай оқу қызметі ойын ойнаумен жалғасып, балалар көбелек құсап ұшып, бақа сияқты секіріп, тасбақа сияқты жүріп жәндіктердің бейнесін салды. Балалар тілек шеңберін құрып, күннің сәулесі арқылы жақсы, жылы, бір-біріне тілек айтып, өлең жолдары арқылы жағымды көңіл – күй сыйлап қоштасты.
Педагог-психолог: Раисова А.Ш.