Мектепалды даярлық «Зерек бала» тобында «Жабайы жануарлар қалай қыстайды» тақырыбында кіріктірілген оқу қызметі өтті.
Балалар «Қар үйінділерімен жүреміз» дене жаттығуларын орындап, қысқы орманға саяхатқа шықты. «Қысқы ормандағы аңдар» бейнетаспасын тамашалап, орман алқабында «Жануарды тап, көрсет» ойынын ойнады. Игровизорлардың көмегімен «Кім, қайда қыстайды» дидактикалық ойынында алған білімдерін тиянақтады,шығармашылық жұмыс алдында «Қоян» саусақ ойынын ойнадық.Жапсыру тәсілі арқылы,өздеріне ұнайтын жануарды жапсырды.Оқу қызметі соңында «Мен орманда қонақта болдым» ойын жаттығуы арқылы қысқы орманға және жануарларға жүрек жылуларын сыйлады. Оқу қызметі балаларға қызықты түрде өтті.Барлық балалар белсенділік танытып, қорытынды жасау, өз пікірлерін білдіру, сондай ақ шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.
Тәрбиеші: Яльницкая Г.В.