Текст
Ересек «Інжу» тобында «Ақ тон киген қоян» тақырыбында жапсыру қосымша элементтерімен сурет салу оқу қызметі өтті. Балалар мақта мен майлықтарды пайдалана отырып, дәстүрлі емес материалдардан қоян бейнесін жасады, жануардың жүнінің текстурасын беруге үйренді. Мақта таяқшаларының көмегімен балалар қарды бейнеледі. Оқу қызмет барысында балалар қоянның бейнесін мәнерлі жеткізу қабілеттерін қалыптастырып, саусақтардың ұсақ моторикасын және қимыл-қозғалыстардың дәлдігін дамытты.
Тәрбиеші: Бейсембаева Л.В.